"UEFA EURO 2020"- қазақстандық жанкүйерлер қайдан көре алады?

Экспресс К

Pxhere

Бүгін басталатын доп додасын елдегі жанкүйерлер "Qazaqstan" мен "Qazsport" арналарынан тікелей эфирде көре алады, деп хабарлайды ЭК.

"Qazaqstan" ТРК Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың айтуынша, эфирдің сапалы болуы тек трансляцияға ғана емес, комментатор жұмысына да тікелей байланысты. Сондықтан жанкүйерлер көптен күткен футбол мерекесіне еліміздегі ең үздік комментаторларды шақырыпты.

"Алдымызға тікелей эфир кезінде жиі кететін қателіктерге жол бермеуді, көрермендерге бір ай бойы мерекелік көңіл күй сыйлап, Еуропа стадиондарындағы атмосфераны барынша жеткізу туралы міндет қойып отырмыз", деді төрайым.

Чемпионаттағы 51 матчтың 30-ы "Qazaqstan" Ұлттық арнасының эфирінен, 28 матч "Qazsport" телеарнасынан беріледі. Ал, плей- офф кезеңіндегі ойындарды екі арна қатар көрсетпек.

Сонымен бірге осы екі арнадан бір ай бойы тікелей эфирде "Доп дода" жаңа студиялық бағдарламасы эфирге шығатын болады.

Оған еліміздегі спортшылар мен сарапшылар, футбол жанкүйерлері қатыспақ.

Сонымен қатар, қазақстандық жанкүйерлер Италияның (Рим) "Олимпико" стадионында өтетін UEFA EURO 2020 чемпионатының ашылу салтанатын бүгін 00:35-те екі арнадан қатар тікелей эфирде көре алады. Ал, Түркия және Италия құрамалары арасындағы алғашқы ойынды 00:50-де "Qazaqstan" арнасынан тамашалайтын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров