Әйелдің ұрлық жасағаны камераға түсіп қалды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Атырауда көкініс дүңгіршегінде ұялы телефон ұрлаған әйелдің ісі бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады ЭК.

Қала орталығында орналасқан көкініс дүңгіршегіне келген сатып алушы өзінің 140 мың теңге тұратын "Samsung Galaxy A51" маркалы ұялы телефонын таба алмай қалады. Кейін бейнебақылау камерасынан қараған кезде, оны өзге әйел ұрлап, қалтасына салып алғандығы түсіп қалған.

Әйел адам ұялы телефонды ұрлап, оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі таңда оның жеке басы анықталып, ол қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ұрлық жасау бабымен қылмыстық іс қозғалды,

деді облыстық ПД-нің баспасөз-қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров