Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары жансақтау бөлімінде жатыр

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Атырауда кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ ауруханаға жеткізіліп, операция жасалды, деп жазады ЭК.

Өткен жылы 10 қыркүйта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровты 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстаған болатын. 3 желтоқсанда қылмыстық істер мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіліп, бүгінде сот процесі жалғасып жатыр.

9 маусым күні қамаудағы Таубаевтың жағдайы нашарлап, оны облыстық аурухана жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша оның ұйқы безіне операция жасалған. Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Осыған байланысты сот ісі уақытша кейінге қалдырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров