Діни жат ағым өкілінен есірткі мен тіркелмеген мылтық тәркіленді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ақтөбелік полицейлер арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, бүлікшіл діни ағымдағы адамнан есірткі мен мылтықты тәркіледі, деп хабарлады ЭК.

Күдікті "Қарасора 2021" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды. Сарбаздар 48 жастағы ер адамды тінтігенде денесінен жасыл түсті өсімдік тәрізді және өзіне тән исі бар затты табады. Ал "Бруно" атты іздестіру иті күдіктінің "ВАЗ 21099" маркалы автокөлігінен тағы да осындай алты қағаз түйіншекті тауып алады. Осыдан кейін полицейлер ұсталған адамның тұратын жеріне барып, тінту жүргізеді. Бұл жерден тағы да жасыл түсті, ерекше исі бар екі полиэтилен пакет пен қонақ бөлмедегі сөренің артынан "ИЖ" маркалы аңшы мылтығын табады.

Алынған заттарға сараптама жасалды. Нәтижесінде жасыл түсті зат марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы -50 грамм. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған дерек негізінде ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі заттарды заңсыз дайындау, өңдеу немесе өткізу) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров