Бұрынғы министрдің бауыры 10 жылға сотталды

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Нұрымбетовтың іс-әрекеті арқылы мемлекетке 54 млн теңгеден аса залал келген.

Тараз қаласының N2 соты пара алғаны, алаяқтық жасағаны және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін облыстық әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Нұрымбетовті 10 жылға соттады, деп хабарлайды ЭК Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тимур Нұрымбетов 10 жыл бас бостандығынан айырылып мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылу жазасына кесілді. Сонымен қатар Нұрымбетовтің қол астында жұмыс істеген екі адам ірі көлемдегі парақорлық пен алаяқтық үшін делдалдық жасады, деп айыпталып, бес және сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі кәсіпкерге пара бергендігі үшін кінәлі деп танылып, 7 және 8 жылдан бас бостандығынан айыру үкімі шықты. Сотталушылардың кінәсі, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және басқа да дәлелдермен дәлелденді", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Тимур Нұрымбетовтың туған ағасы Біржан Нұрымбетов осы жылдың қаңтар айына дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет еткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров