Вакцина шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды

Экспресс К

primeminister.kz

Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, зауыт 100 пайыз жабдықталды.

Бүгінгі күні зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, толықтай жабдықталды, деп хабарлайды ЭК.

ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысында қазақстандық вакцина шығаратын зауыт құрылысы туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов:

Біз, Білім және ғылым министрлігі ретінде, ережеге сәйкес, зауыт салуға, дәрі-дәрмек, вакциналар шығаруға құзыретіміз жоқ. Сондықтан заң бойынша зауытты өзіміз сала алмаймыз,

деді.

Оның айтуынша, қаражат Жамбыл облысының әкімдігіне аударылған. Тапсырыс беруші Жамбыл облысының әкімдігі болғандықтан, олар конкурс өткізіп, жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, осы құжат бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен. Содан кейін мердігермен келісім жасалып зауыт салынды.

"Біз бұл жабдықты валидациялау, орнату және іске қосу туралы айтып отырмыз. Біздің алдымызда тұрған міндет — жалпы зауыттың өзі GMP жоғары талаптарына сай болуы: бөлмелер таза, арнайы талаптар, алдын-ала валидацияға қойылатын талаптар, вакциналардың тұрақтылығы, таңбалау. Осыған байланысты, зауытты іске қосар алдында ауқымды жұмыстар қажет. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының әкімдігі мен мердігердің осы жұмыспен айналысып жатыр", — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров