БҒМ: Оқу гранты көбейіп, шәкіртақы көлемі өседі

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қыркүйекте докторанттар 150 мың емес, 172 мың теңге шәкіртақы алады, деп хабарлайды ЭК.

"2021 жылдың қыркүйек айынан бастап бакалавриат шәкіртақысының мөлшері 31 мың теңге, магистратура шәкіртақысы 15 пайызға өсіп, 76 мың теңге болады. Докторантурада оқитындардың шәкіртақысы тек соңғы 2 жылда шамамен 82 пайызға өсіп, 150 мың теңге еді. Енді күзде 172 мың теңге болады", — деді министр.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов гранттар саны да артатынын мәлімдеді.

2025 жылға қарай гранттар саны көбейіп, 75 мың орынды бөлінеді деп жоспарланып отыр. Биыл гранттар саны тура 5 мың орынға көбейтіледі, яғни егер біз жыл сайын бакалавриатқа 51 мың грант бөлетін болсақ, онда биыл 56 мың орын болады,

деді Аймағамбетов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров