Шымкент

Карантинде осындай той болмаған

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Шымкентте 150 адам жиналған той тоқтатылды.

Жақында осы қалада орналасқан "Шымкент холл" мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады, деп хабарлайды ЭК Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, 150 адамға арналған қыз ұзату тойын өткізіп жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров