Дәрігерлер қорғаныс костюмдерін өз қаражаттарына сатып алуға мәжбүр болған

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елордада «СК-Фармация» ЖШС ісіне қатысты сот процесі жалғасуда. Кезекті сот отырысы барысында медицина қызметкерлерінің айғақтары мен жауаптары тыңдалды, деп хабарлайды ЭК.

Сотқа алғашқылардың бірі болып жауап берген, Оралдағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Нәдия Ахметова, сотта өткен жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында аурухана дәрігерлеріне қорғаныс костюмдерін өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болғанын айтты. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алғашқы костюмдер тек маусым айында ғана келген. Мұның өзі гуманитарлық көмек екен.

Сондай-ақ ҚР ДСМ, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жеке қауіпсіздік бөлімінде жұмыс істеген Ерік Куршанов сотқа барлық облыстардағы қызметкерлердің шағымдарын да жеткізді.

Еске сала кетсек, "СК-Фармация" ЖШС директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Берік Шәріп дәрігерлердің коронавирусты жаппай жұқтыруына түрткі болған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігін тудырып, өрескел заң бұзушылыққа жол берді деп айыпталуда. Бұған дейін бұл іс бойынша Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин де куәгер ретінде өз айғақтарын келтіріп жауап берген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров