Елордадан Абайдың ауылына дейін салт аттылар екі күнде 100 шақырымды еңсерді

Экспресс К

© Ержан ЖАУБАЙ

Елорда маңындағы "Бозоқ" қалашығынан басталған сапар бүгін Олжабай батыр кесенесіне жетті. Ал, сапардың екінші күні салт аттылар 60 шақырым жолды еңсерді. Жалпылай алғанда "Сарыоба" көлінен Олжабай батыр кесенесіне дейін 50-55 шақырым ғана. Бірақ салт аттылар егіс алқаптарын ат тұяғымен таптамау үшін көп аумақты айналып өтуге мәжбүр болды. Жолаушы үшін әрбір минут қымбат болғанына қарамастан салт аттылар салттан аттап кеткенжоқ. Осындай кедергілерге байланысты бүгін олар 60 шақырымды ғана еңсерді.

© Ержан ЖАУБАЙ© Ержан ЖАУБАЙ
© Ержан ЖАУБАЙ

Айта кетейік, бұл сапар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық Ат туризм федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.

Дерек: 10 маусым күні Елорда жанындағя Бозоқ қалашығының жұртынан Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін баратын салт аттылар сапары басталған болатын. Сапарға 4 облыс өкілдерінен 12 адам қасысып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров