Қазақстан

ҰБТ-ны алып тастау туралы ұсыныс...

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Мұндай ұсынысты бүгін ҚазМЗУ-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев жасады деп, хабарлайды ЭК.

Бүгін "MEDIA CLUB QAZAQSTAN" платформасында білім саласының сарапшылары ЖОО таңдау бойынша пайдалы кеңестермен бөлісті. ҰБТ туралыда соны мәселелерді де қозғады. Эфир кезінде Талғат Нәрікбаев оқушыларға арналған ҰБТ-ны алып тастауды да ұсынды. Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарын бөлу процесінде ЖОО-ларға толықтай сенім артуы тиіс.

ҰБТ-ны алып тастап, ЖОО-лар студенттерді бұрынғыдай емтиханмен қабылдау керек. Емтихандар тест түрінде емес, Еуропа, Америкадағыдай белгілі бір тапсырмалар арқылы, баланың қабілетін, белсенділігін анықтау бойынша өткізілуі керек,

деді Т.Нәрікбаев.

Айта кетейік, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры Дидар Смағұловта оның пікірімен келісетінін айтып, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы өз ойын жеткізді.

Оның ойынша: ҰБТ баланың білімін тексерудің ең тиімді, ең объективті құралы емес деген пікірмен келіседі.Бірақ қазір біз компьютерлік тестілеуге көштік. Жаңа форматты мемлекеттің шығынын азайтып, процесті цифрландыру үшін ғана енгізген жоқпыз. Ол оқушының білімін бағалау аясын кеңейтуге бағытталуы тиіс, — дейді Дидар Смағұлов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров