Италия Түркияны 3:0 есебімен жеңді

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty Images

Еуропа чемпионатының ашылу матчында Италия құрамасы Түркия құрамасының қақпасына жауапсыз үш гол соқты деп хабарлайды, ЭК.

Бірінші таймда қонақтар италиялықтардың барлық шабуылдарын тежеп үлгерген-ді. Бірақ кездесудің екінші жартысында италиялықтар жауапсыз үш гол соғуға мүмкіндік алды.

Алғашқы гол 53-ші минутта соғылды.

© Getty Images© Getty Images
© Getty Images

Өз қақпасына гол жіберіп алған Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демирал чемпионаттағы бірінші голдың авторы атанды. Араға 13 минут салып италиялық ойыншы Чиро Иммобиле Түркия құрамасының қақпасына екінші голды сүңгітті.

Ал осы матчтың нүктесін қойған "Наполидің" шабуылшысы Лоренцо Инсинье бірнеше қысқа пастардан кейін командасына үшінші голды сыйлады.

Сонымен, ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

© Getty Images© Getty Images
© Getty Images

Италия құрамасы әзірге А тобында көш бастап тұр.

А тобындағы келесі матч бүгін Уэльс пен Швейцария арасында өтеді. Сондай-ақ, В тобындағы Дания мен Финляндия, Бельгия мен Ресей құрамалары да бүгін кездеседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров