Әлем

Нью-Йорк тұрғыны миының бір бөлігін алдырып тастады

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Нью-Йорктың 32 жастағы тұрғыны Джоди Смит өлім алдындағы қорқыныштан арылу үшін миының бір бөлігін алдырып тастады.

Бұл жігітке 26 жасында эпилепсия деген диагноз қойылған. Осыдан кейін онда өлім алдындағы қорқыныш пайда болыпты, деп хабарлайды ЭК Telegraf.com ақпаратына сүйеніп.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Джодиді осы қорқыныштан арылту үшін хирургтар оның миының бір бөлігін, яғни оң миндалинасын алып тастаған. Бұл бөлік төнген қауіпті талдауға жауап береді.

Жігіт осылайша қорқыныштан толық арылған. Ол осыған орай бір жағдайды айтып берді. Джодиді бейтаныс бес жігіт қоршап алыпты. Ол бұлар өзін тонап кете ме деп ойлаған. Бірақ ешқандай қауіпті сезбеген. Сондықтан әлгі жігіттердің арасынан еш қорықпастан өте шығыпты.

"Олар менде қорқыныштың болмағанына таң қалған сияқты,

дейді Джоди Смит.

Айта кетейік, нейрохирургтар эпилепсиямен ауыратындарды миының бір бөлігін алып тастау арқылы емдеуге болады деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров