Біреудің 5 млн теңге тұратын күрішін алаяқ иемденіп алған

Экспресс К

Pixabay

Шымкент тұрғынының жалпы құны 5 миллион теңге болатын күршін алаяқ иемденіп кетті.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды ЭК Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Арызданған азаматтың айтуынша, белгісіз адам оның 380 тонна күрішін заңсыз иемденіп алған. Яғни ақшасын төлеместен, белгісіз бағытқа қашып кетіпті.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі бес миллион теңге болады.

Еңбекші АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, жеткізілді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров