Алматы «жасыл» аймаққа кірді

Нұрболат АДЫРБЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы коронавирустың таралуы тұрғысынан «жасыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды ЭК

Соңғы күндердегі мәлімет бойынша елімізде "жасыл" аймақта: Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұрған болатын. Бүгіннен бастап бұл тізімді ірі мегаполис Алматы қаласы толықтырып отыр.

Жалпы, аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бұл күнде еліміз бойынша

"Сары" аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары тұрса,

"Қызыл" аймақта бір ғана Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров