Өлген барыс Атырауға жіберіледі


facebook.com / azamat.sarsenbaev
Қазіргі таңда Қазақстанда санақ бойынша 130-ға жуық барыс бар көрінеді.
Маңғыстаудағы "Манашы" табиғи мемлекеттік қорығынан табылған барыстың өлексесі сараптама жасау үшін Атырауға жіберіледі, деп жазады ЭК.
Естеріңізге сала кетсек, 9 маусым күні Маңғыстау облысында аталған табиғи қорық аумағындағы "Күйкентау" жерінде өлген барыс табылған болатын. Алдын-ала мәліметтер бойынша, барыстың денесінде жарақат, қару-жарақтың іздері жоқ екенін анықталды.
— Әзірге барыстың неден өлгені белгісіз. Сол себепті өлексені сараптама жасау үшін Атырауға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қосымша ақпарат сараптама нәтижесі дайын болғанда берілетін болады, — деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.