Шарын шатқалында тағы да оқыс оқиға болды

Экспресс К

Бейнеден кадр

Алматы облысындағы Шарын шатқалынан туристер шыға алмай қалған, деп хабарлайды ЭК осы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, ондағылар кеше кешке әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында бір топ туристің Шарында қалып қойғанын анықтаған. Сол саяхатшылардың бірі, блогер Тайыр Марасулов өзінің Instagram-дағы парақшасына көмек сұраған видео жариялапты.

"Алматы облысы ТЖД мен "Шарын шатқалы" ұлттық бағының күштері мен құралдары шұғыл түрде оқиға орнына жөнелтілді. Сағат 20:30 шамасында жеті туристің (бәрі ересек адамдар) Алматы облысының Кеген ауданындағы Шарын шатқалында орналасқан Шағын шатқалдан екі көлікпен өз беттерімен шығып, Алматыға кетіп қалғаны анықталды", — дейді ТЖД-дағылар.

Туристердің бәрі дін аман. Ал олардың шыға алмай қалуына нөсер жауын салдарынан жоғарыдан топан су ағуы себеп болған.

Айта кетейік, Шарында 29 мамырда да жауынның кесірінен лай су ағып, ол туристерді алып кеткен еді. Соның салдарынан екі адам қаза тапты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров