Орман алқабында улау жұмыстары жүріп жатыр

Экспресс К

© Инна ГИЗАТУЛИНА

Облыстың орман алқаптарында жібек құртына қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының іргесіндегі Родниковка, Ш. Қалдаяқов ауылдарының маңындағы 117 гектар орман алқабынга осы жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды ЭК.

© Инна ГИЗАТУЛИНА© Инна ГИЗАТУЛИНА
© Инна ГИЗАТУЛИНА

Бір апта бұрын шаһар маңындағы орман алқабына түскен зиянкес, бір аптаға жетер жетпес уақытта 60 гектар жерді отап кеткен болатын. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының айтуынша, мемлекеттік орман қорына кірмейтін аумақтардан да зиянкестер шығып жатыр.

© Инна ГИЗАТУЛИНА© Инна ГИЗАТУЛИНА
© Инна ГИЗАТУЛИНА

Сондай-ақ облыстың орман қорын ұлғайту мақсатында кешенді жоспар әзірленген. Алдағы бес жылда өңірдегі орман қорының 30 744 гектар алқабына 62 миллион түп ағаш егілмек. Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтіледі. Ол үшін 5,7 миллиард теңге облыстық және республикалық бюджеттен қарастырылмақ. Облыстың елді мекендеріне алдағы бес жылдың ішінде 500 000 көшет егіледі. Биыл 31600 түп егу жоспарланып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров