Түркістан облысы
Түркістан облысында 300-ден астам жүргізуші әкімшілік қамауға алынды


©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Тағы 250 жүргізуші көлік жүргізуші куәлігінен айырылды деп хабарлайды ЭК.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің ресми мәліметі бойынша аймақта жыл басынан бері алкогольді ішімдік ішіп көлік басқарған 350-ге жуық жүргізуші анықталған. Олардың 250-і әр-түрлі мерзімде көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Дерек: Жалпы Түркістан облысын бойынша өткен 6 айда 300 мыңға жуық адамға ӘҚК бойынша шара қолданылды. Оларға салынған айыппұл көлемі жарты жылдың өзінде 2 млрд теңгеге жуықтап қалған.
Бөлісу