Қазақстан

Қазақ жауынгерлерінің сүйектері елге жеткізілді

Экспресс К

© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Қазақ жауынгерлерінің Ресей аумағында табылған мүрделері атамекеніне әкелінді, деп хабарлайды ЭК.

Ресейлік "Пионер" іздестіру жасағы сәуір айында Ржев қаласының маңында 3 жауынгердің мәйіттерін тапқан еді. Олардың екеуінің 1942 жылы 21 ақпанда Ақмола облысы Қазақ КСР-і Қорғалжын ауданынан майданға шақырылған Жұманов Қамен және Жұмабеков Төлеубай екені анықталды. Үшінші сарбаздың аты-жөні белгісіз.

© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ
© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Ақмола облысының әкімдігі мен "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлерінің мәйіттерін атамекеніне қайтарды. Ел үшін жанын қиған сарбаздарға Көкшетау қаласының Даңқ мемориалында еліміздің Қорғаныс министрлігінің сарбаздары әскери құрмет көрсетті.

© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ
© Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Ресей Федерациясы елшілігінің өкілдері қатысты. Ақмолалық волонтерлар 200-ге тарта солдаттың қаза тапқан орындарын анықтап, 29 жауынгердің мүрдесін туысқандарына табыстаған. Жалпы, майданға Қазақстаннан 1,2 млн. жауынгер аттанған. Оның 270 мыңынан хат-хабар келмеген.

"Әкеміздің сүйегі табылатыны ойымызға да келген жоқ. Мен әкем кеткенде 3 жасымда қалғанмын. Оның өң-түсін білмеймін. Жаратқан осы жалғыз қызы көрсін, туған жерінен топырақ салсын деп жазған шығар", — дейді жауынгердің қызы Мәдениет Жұманова. Сарбаздардың сүйектері туған жері — Қорғалжын ауданында жерленеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров