Алматыда бір түнде екі адам жол апатынан қаза болды

Лена МҰРАТБЕК

© Sputnik

Алматыда жол апатынан 1993 жылғы қыз бен 1957 жылғы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Төле би-Брусиловский көшелерінің қиылысында болған жол апатында Mitsubishi Montero жүргізушісі қиылыстан өтіп, он метр жүргенде жолға қыз жүгіріп шыққан. Ол тежегішті басып үлгермеген, жаяу жүргіншіні қағып, бірнеше метрге сүйреп әкеткен, тек содан кейін ғана тоқтаған.

Салдарынан 1993 жылғы қыз ауыр бас сүйек-ми жарақатын алды, дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.

Екінші оқиға Сағи Әшімов көшесінің бойында, Азаттық көшесінің төмен жағында болды. Бейнебақылау камераларының жазбасына сәйкес, ер адам жол жиегінде жалаң аяқ тұрған. Сәлден кейін жолдың арғы бетіне өтпек болған, алайда сүрініп, жолдың дәл ортасына құлаған. Сөйтіп біршама уақыт жолда жатқан.

Бірінші автокөлік ер адамды айналып өткен. Келесі көліктің адамды көріп тоқтаған. Осы кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан үшінші автокөлік оны басып кетеді, одан кейін тағы бір көлік қағады.

1957 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров