Көліктің алдына отырып видеоға түсемін деп жазым болды (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Ақтөбеде видеоға түсу үшін автокөліктің капотына отырып алған екі жасөспірімнің біреуі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ЭК.

Ақтөбеде бірнеше жасөспірім өзен жағасына демалуға барады. Олардың бірі туысының "Жигулиін" рұқсатсыз мініп кетіпті.

Қайтар жолда екі бала жүріп келе жатқан көліктің алдыңғы капотына отырып, видеоға түседі. Осы кезде жасөспірімнің бірі құлап, ауыр жарақат алған. Сөйтіп, ауруханаға жеткізілді.

Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров