ХҚКО "Ashyq" қосымшасы арқылы клиенттерді қабылдайды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

"Ashyq" жобасы енді халыққа қызмет көрсету орталықтарында енгізіледі, деп хабарлайды ЭК. Бұл жайында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Әділ Қожықов әлеуметтік желіде жазды.

Бұл Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес енгізіледі.

Төрағаның айтуынша, теріс немесе бейтарап мәртебесі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады. "Ashyq" қосымшасы бойынша барлық қаладағы ХҚКО-ға кіруге болады.

"Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код беріліп, ол кіреберісте ілінеді. Бұл заманауи сервис негізінде ХҚКО-лар клиенттерді көбірек қабылдап қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлер мен келушілердің аман-саулығын қамтамасыз ете алады. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы — сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

Егер смартфоныңызда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана аласыз. Біз халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Тіпті сізде осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚКО қызметкерлері сіз ұсынған ЖСН бойынша анықтайтын болады. ХҚКО-ға келушілер санының артатынын түсінеміз. Сондықтан баршаңызды санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймын. Міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, санитайзерлерді қолдануды ұмытпаңыз,"-деп жазды Әділ Қожықов

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров