Каратэден екінші жолдама қоржынға түсті

Экспресс К

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Каратэден Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада Қазақстандық спортшы қыз күміс жүлдегер атанып, жазғы олимпиада ойынына жолдама алды, деп хабарлайды ЭК.

Ұлттық олимпиада комитетінің жазуынша, жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбаева іріктеу жарысы кезінде 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстан құрамасының мүшесі, Мөлдір каратэден олимпиадаға екінші жолдаманы ел қоржынына салды. Бұған дейін спорттың бұл түрінен алғашқы жолдаманы Дархан Асаділов мерзімінен бұрын жеңіп алған болатын.

Сонымен, бүгінгі дейінгі көрсеткіштер бойынша каратэден Токио Олимпиадасына елімізден баратын екі спортшы белгілі болып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров