Атырау

Атырауда аты әйгілі перзентхана уақытша жабылуы мүмкін

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Перинаталды орталықтык эпидемиологиялық жағдайы сын көтермейді, санитарлық өңдеуге жабылуы ықтимал.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің мамандарынан құралған комиссия Атырау облыстық перинаталды орталықтың талапқа сай еместігін мәлімдеді, деп жазады ЭК.

Құрамында 12 медицина аманы бар комиссиялық топ облыстық перинаталды орталықтың жұмысын зерделеп, бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Олардың айтуынша, перинаталды орталықтык эпидемиологиялық жағдайы сын көтермейді. Тіпті орталықты санитарлық өңдеуге жіберу үшін уақытша жабылуы керек.

Толық жауып, санитарлық өңдеу керек. Бұл жерде ішінара жұмыстарды жасау көмектеспейді. Ғимараттың бірінде желдеткіш бар, бірақ ол жарамсыз жағдайда. Акушерлік блок, операция жасау бөлімдері орналасқан екінші ғимаратта желдеткіш мүлдем жоқ,- дейді мамандар.

Бұл орталық атымен елге әйгілі. Себебі, ондағы бірнеше дәрігер үлкен қылмысқа барған еді. Былтыр қыркүйек және тамыз айында облыстық перинаталды орталықта сәби өлімінің айтарлықтай көбейгені байқалған. Кейін осы орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев — 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан — 16 жылға, акушерка Жәмила Құлбатырова — 15 жылға сотталды. Оларға жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салып өлтірді деген айып тағылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров