Ақмола облысы

Ақтөбе облысында ірі қара көз ауруына шалдығып жатыр

Экспресс К

Pixabay

Ырғыз ауданында шаң – тозаң көптігінен сиырлар көз ауруына шалдығып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Шаң-тозаңның шамадан тыс көтерілуі өңірде жауын –шашынның аздығынан болып отыр. Екінші жағынан бұл қуаңшылыққа әкеп отыр. Ал, ірі қараның жаппай көз ауруына шалдығуы мамыр айының соңынан басталған. Аудандық ветеринарлық станса мамандарының мәліметінше, бұл аса қауіпті дертке жатпайды. Бірақ дер кезінде емдемесе шетінен соқыр болып қалуы мүмкін.

Қазір мал дәрігерлері шаруалар мен қарапайым тұрғындарға малдарын бұл аурудан қалай емдеу қажеттігін көрсетіп, емдеп жатыр. Ауданда малға арналған дәрі-дәрмек жетіспеушілігі бар. Сондықтан тек облыс орталығынан алдыруға тура кеп тұр.

Сондай-ақ ауылдағы шаруаларды биылғы қуаңшылық мәселесі де алаңдатып отыр. Жауын-шашынның аздығынан көктемде қылаң берген шөп күнге күйіп, күзге қарай төрт түлік азықсыз қалатын түрі бар. Бұған қоса соңғы жылдары аудан аумағындағы өзен-көлдер де айтарлықтай тартылып барады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров