Сәбіздің бір келісі – 620 теңге

Экспресс К

© ЭК

Еліміз бойынша сәбіз бен картоптың бағасы реккордтық көрсеткішке жетті.

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кейбір дүкендері мен базарларында сәбіз тапшылығы сезіле бастады, деп хабарлайды ЭК тілшілері.

Мәселен бүгін сәбіздің әр келісі 450-500 теңгеден сатылған. Ал кей дүкендерде мүлдем сәбіз жоқ. Сатушылар бір екі күнде сәбіз келетінін айтуда. Бірақ бағасы бұрынғыдан қымбаттауы мүмкін.

©ЭК/Виолетта КАБЕРЕЦ©ЭК/Виолетта КАБЕРЕЦ
©ЭК/Виолетта КАБЕРЕЦ

Атыраудағы ең ірі әрі қолжетімді баға ұсынатын "Дина" базарында сәбіз бағасы 450-500 теңге арасында болып тұр. Сатушылардың айтуынша, олар сәбіздің бағасына 30-40 теңге ғана қосып сатуда. Ал өткен аптада бағасы шарықтаған картоптың келісі 350-380 теңгеден сатылуда.

Ал, Көкшетауда сәбіздің бағасы 450 теңге. Бұл бағаның өзгермесіне де еш кепілдік жоқ. Өйткені облыстың тұрақтандыру қорында сәбіз бен картоп мүлдем жоқ.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Ақтөбедегі ең ірі сауда орталығы "Жилгородок" базарында сәбіздің келісі 470-480 теңгеден сатылып жатыр. Сатушылардың айтуынша, көтерме базарда баға өскен. Ал бүгін кейбір дүкендерде сәбіз мүлдем жоқ. Дүкен иелері енді келетінін айтады. Бірақ одан баға арзандайтынына ешқандай кепілдік жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров