Көшеде қару алып жүрген екі тұрғын ұсталды


ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы, Келес ауданында қару ұстап жүрген екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ЭК.
Автобекетте қолында қаруға ұқсас заты бар ер адамды полиция қызметкерлері құрықтаған. Тексеру кезінде азаматтан "МР-371" маркалы тапанша табылды. Ал, Абай ауылындағы көше бойында күдік тудырған ер адамды тоқтатқан полицейлер қол сөмкесінен газды тапаншаны тәркіледі.