Илон Маск: Қазақстанда "Tesla Motors" қызмет көрсету орталығы ашылады

Лена МҰРАТБЕК

Фото ашық дерек көздерінен алынды

Илон Маск "Tesla Motors" қызмет көрсету орталығы Қазақстанда 2021 жылдың соңында, не келесі жылы ашылатынын айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Tesla" және "SpaceX" компанияларының қожайыны америкалық миллиардер Илон Масктің Қазақстанға арнайы сәлем жолдаған видеосын бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жариялады.

Бұған дейін әлемге әйгілі "Tesla" компаниясы Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.

Дерек: "Teslaның" ресми сайтындағы картаға сүйенсек, тұтынушыларға арналған қызмет көрсету орталығы "Байтұрсынов" көшесі мен "Абай" даңғылы қиылысында орналаспақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров