Аулада доп ойнаған баланы ұрған ер адам ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде көп қабатты тұрғын үйдің ауласында доп ойнап жүрген баланы ұрған 32 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіде ер адамның аулада ойнап жүрген оқушыны ұрғанын көрсететін видео тараған еді. Бейнеролик авторының айтуынша, бұның бәрі қала тұрғынының балаларды ауладан қуып, олардың волейбол добын тартып алмақ болғанынан басталған көрінеді. Өйткені ол доп көлігіне тиіп кетеді деп ойлаған. Осыдан кейін ерегіс туып, ол тіпті жұдырықтасуға ұласыпты.

Бейнежазба көпшіліктің ашуын туғызды. Полиция қызметкерлері оған мониторинг жүргізіп, баланы ұрған адамды анықтады. Ол сол үйдің тұрғыны болып шықты. Күдіктінің жасөспірімді ауладағы көлігінің жанында доп ойнағаны үшін ұрғаны расталды.

Қазір ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі, яғни "Бұзақылық" дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров