Түркістан облысында таудан тағы бір адамның мәйіті табылды

Экспресс К

ТЖД

Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл жоғалған жеті туристің біреуі болуы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аталған аймаққа қарасты Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты.

ТЖДТЖД
ТЖД

Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқандықтан таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмаған. Сондықтан құтқарушылар Өгем өзеніндегі өткел арқылы мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарған. Кейіннен жүк шығырғыштың көмегімен биікке көтерген. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

ТЖДТЖД
ТЖД

Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тауларында жоғалған жеті туристтің үшеуі құтқарылған болатын. Ал, екеуінің денелері табылды. Қазіргі кезде қалған туристерді іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров