Чемпионаттың алғашқы тең нәтижесі тіркелді

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty Images

Уэльс пен Швейцарияның құрамалары "Еуро-2020" топтық кезеңіндегі матчта 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды ЭК.

Ойын Баку қаласында өтті. Есепті 49-шы минутта швейцариялық шабуылшы Брель Эмболо ашты. Ал, Уэльстің сұрмергені Киффер Мур 74-минутта есепті теңестірді. Марио Гаврановичтің соққан голы офсайд жағдайына байланысты жойылды.

Қазіргі нәтиже бойынша екі команда да әрқайсысы бір ұпайдан бар. Нәтижеде А тобындағы екінші немесе үшінші орындарды бөліседі.

Бұл топтағы бірінші орында итальяндық команда тұр. Оның қоржынында 3 ұпай. Кеше осы Италиядан 3:0 есебімен жеңілген Түркия құрамасы нөлдік ұпаймен топта әзірге төртінші орында.

А тобындағы келесі турлар 16 маусымда Швейцария Италия, Уэльс — Түркия командалары арасында өтеді

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров