Базарды ойран еткен судың видеосы жұрттың наразылығын тудырды

Экспресс К

Бейнеден кадр

Шымкентте базар ішіндегі құбыр жарылып, сатушыларды әбігерге салған, деп хабарлайды “ЭК”.

Бүгін әлеуметтік желіде Шымкент сауда орнын су алып жатқанын көрсететін видео тарады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бұл қала орталығындағы "Көктем" базарында 4 маусым күні болған.

Сауда орнын жайлаған су сатушылардың заттарын бүлдірген.

"Құбыр жарылып, айдың, күннің аманында сел басқандай етіпті. Асфальтқа дейін ағып жатыр. Абырой болғанда дәу құбырдың үстіңгі жағы сыр берген. Егер астыңғы тұсы тесілсе ше? Байқалмай жер кеулеп кете берсе, жоғары қысыммен аққан су сол маңдағы құрылыстың біразын қиратары анық", — деп жазды Facebook-тегі парақшасында Шымкент тұрғыны Асылбек Досалы.

Ал жазбаға пікір қалдырушылар базардың заңсыз орналасқанын, құрылыс жүргізушілердің қызыл сызықты ескермейтінін айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров