“Барлығыңды өлтіру керек” - Атырауда журналистерді осылай қорқытуда

Экспресс К

© ЭК

Атырауда шығатын “Ақ Жайық” газетінің бас редакторы мен тілшілеріне түрлі сипаттағы қорқытып-үркітулер келіп жатыр, деп жазады ЭК.

Мәселен, "Ақ Жайық" газетінің сайтында 31 мамыр күні жарияланған "Біздің тарих: Банды Құныскерей" атты орысша мақаланың астына "Сатана" есімді қолданушы редакция тілшілерін өлтіріп кететінін жазып кеткен. Оған мақалада кезінде Кеңес өкіметі үшін қарақшы саналған Құныскерейдің шын мәнінде халық мүддесі үшін күрескер болғаны туралы айтылғаны ұнамаса керек.

Осыдан кейін газеттің бас редакторы Азамат Майтанов қолданушыны тауып, оны ҚР ҚК 115 (Қорқыту) бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевке хат жолдағанымен, полиция оны әлі таппады. Хатта қорқытушының IP-адресі де көрсетілген.

Соңғы кездері бізді қорқытатындар көбейіп кетті. Біздің газетпен есеп айырысқысы келетіндер көп. Олардың ішінде мақалаларымыз бен репортаждарымыздың кейіпкері болған бұрынғы шенеуніктер, құқық қорғау органдарының қызметкелері, қамауда отырған мемлекеттік органдардың басшылары бар. Сондай-ақ, қорқытушылардың ішінде қазақ жеріне Кеңес Одағын қайтадан орнатуды армандайтындар да бар. Тіпті бізге саяси оқиғаларды жазбауға "шақыратындар" шығып жатыр, — дейді Азамат Майтанов.

Атырау облысының Полиция департаментіндегілер әзірге бұл дерек бойынша пікір білдірмеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров