Футболшы есінен танып, ойын тоқтатылды

Экспресс К

instagram.com / chriseriksen8

Финдермен болған Еуропа чемпионатында даниялық футболшы есінен танып қалды. Сол арада ойын тоқтатылды, деп хабарлайды ЭК.

Дания мен Финляндия командалары арасында болған матчта жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен бірінші тайм аяқтала бергенде құлап түсіп, орнынан тұра алмай қалды. Дәрігерлер оған 15 минут бойы жәрдем көрсетті. Нәтиже шықпаған соң қоларбаға салып алаң сыртына алып кетті. Аталған матч 0:0 есебімен тоқтатылды.

29 жастағы Эриксен италиялық "Интерна" командасының белді ойыншысы. 2020-2021 жылдары бұл команда Италияның чемпионы атанған. Ол бұдан бұрын ағылшындық "Тоттэнхэм" және нидерландық "Аякс" командаларында да ойнаған болатын. Эриксен Дания құрамасында 108 матч өткізіп, 36 гол соғып үлгерген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров