Эриксен өмірге қайта оралды

Экспресс К

UEFA

Даниялық спортшы Кристиан Эриксеннің жағдайы қалыпқа түсіп келеді. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығы одағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК

Естеріңізге салсақ, Дания командасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен Финляндиямен өткен Еуропа чемпионатында ойын алаңында құлап түсіп, есінен танып қалған болатын. Футболшының жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болған. Дәрігерлер жедел реанимациялық шаралар қолданды.

Келеңсіз жағдайдан соң, аталған біріншіліктің Дания мен Финляндия арасындағы матч тоқтатылған уақыттан бастап қайта жалғасты.

Айта кету керек, Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусым күні басталды, 11 шілдеге дейін жалғасатын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров