Олимпиадада ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды

Нұрболат АДЫРБЕК

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі / Нұрислам Санаев

Осы жазда Токиода өтетін олимпиада ойындарында еркін күрестен ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері мәлім болды, деп хабарлайды ЭК.

Бапкерлер штабы айтулы додаға баратын бес балуанның аты-жөндерін жариялады. Олар Токио төрінде 5 салмақ бойынша ел намысын қорғайды.

Олар:

57 келі — Нұрислам Санаев

65 келі — Дәулет Ниязбеков

74 келі — Данияр Қайсанов

97 келі — Әлишер Ерғали

125 келі — Юсуп Батырмурзаев

Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындары шілденің 23-інде алауын жағып, 8 тамызда мәреге жетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров