Қорықшыларды арматурамен ұрып, тоқпен азаптаған

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Түркістан облысының полицейлері қорықшыларды ұрып-соққан 6 браконьерді ұстады, деп хабарлайды ЭК.

Броконерлер қорық қызметкерлерін арматурамен ұрып, суға құлағанда тоқпен азаптаған деген күдік бар.

Тағылған айыптар толығымен дәлелденсе, Мақтаарал ауданының 6 тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 380-бабы "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров