Алғашқы голын Эриксенге арнады

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty Images

Еуропа чемпионатында кездескен Ресей мен Бельгия ойынының алғашқы голын соққан "Интердің" шабуылшысы Ромелу Лукаку дәл осы жетістігін командаласы Кристиан Эриксенге арнады, деп хабарлайды ЭК.

Дания құрамасының жартылай шабуылшысы Кристиан Эриксен Финландия-Дания арасындағы матч кезінде тлып құлап, артынан ауруханаға жатқызылған еді. Сосын есін жиды.

Жалпы Кристиан мен Ромелу былайғы ойындарда командалас болып есептеледі. Екеуі де "Интердің" сапында өнер көрсетіп жүрген ойыншылар.

Голын соққаннан кейін ол камераға келіп: "Крис, Крис, мен сені жақсы көремін" деп айғайлаған болатын

Айта кетейік, матч кезінде ресейліктердің қақпасына соғылған үш голдың екеуін осы Лукаку соққан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров