Денесі табылған туристің кім екені анықталды


ТЖД
Түркістан облысында таудан табылған туристің кім екені анықталды, деп хабарлайды ЭК.
Марқұмның әкесі өз ұлының денесін таныды,
Мәйіті табылған адамның 17 жаста болғаны анықталды.
Кеше Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапқан болатын.


Ол осыдан 20 күн бұрын жоғалған жеті туристің бірі болып шықты.
Еске сала кетейік, 25 мамырда 112 пультіне Сайрам-Өгем ұлттық табиғи бағы аумағында 7 адамның жоғалғандығы туралы хабарлама түскен.
Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған туристер 24 мамырда үйге оралуы керек болған.
Содан бері жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жеті туристтің үшеуі құтқарылды. Ал осы күнге дейін үшеуінің денелері табылып отыр. Қазір қалған бір туристі іздеу жұмыстары жүргізілуде.