Қазақстан

Қазақстандықтар биыл қажылыққа бара алмауы мүмкін

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Биыл еліміздің мұсылмандары бес парыздың бірі қажылық сапарына бара алмауы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Жақында Сауд арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі елге қажылық сапар жасаушылар үшін алуға міндетті төрт түрлі коронавирусқа қарсы вакцинаны атады. Олар, "Файзер", "Астра-Зенека", "Джонсон-Джонсон" және "Модерна".

Әлбетте, бұл вакциналар Қазақстанда әзірге қолданыста жоқ.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітовтың мәлімдеуінше, діни басқарма тарапынан Сауд арабиясы билігіндегі қажылықты қадағалайтын құзырлы орындарға бұл талаптарды жеңілдету жөнінде ұсыныс айтылған. Алайда, нақты жауап қайтарылған жоқ.

Егер, Саудия билігі 2021 жылғы қажылық жайлы пандемиялық талаптарын өзгертпесе, биыл елімізден ешқандай азамат қажылық сапар шеге алмайды деген сөз.

Не болмаса, осы жылдың 19-шілдесінде басталатын құрбан айт мейрамына дейін жоғарыда аталған төрт түрлі вакцинаның бірі елімізде қолдануға рұқсат етілуі керек. Еске салсақ Құрбан айт мейрамы алдында әлем мұсылмандары үшін үлкен қажылық сапары басталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров