Ақтөбеде тұрғын үй өртенді

Экспресс К

ТЖД

Тілсіз жаудың салдарынан 5 отбасы баспанасыз қалды.

Ақтөбедегі "Әуе қалашығы" шағын ауданындағы 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің шатыры түгел жанып кетті, деп хабарлайды ЭК.

ТЖДТЖД
ТЖД

Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үйдің шатыры қызыл жалынға оранып, бес пәтер мүлдем жарамсыз болып қалды. Тілсіз жау аумағы 200 шаршы метр жерді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ. Өкінішке қарай 5 отбасы баспанасыз қалды. Қазір тұрғындар Ақтөбе байланыс колледжінің жатақханасына орналастырылды. Жанашыр азаматтар азық-түлікпен қамтамасыз етіп, басқада көмектерін көрсетуде.

Қазір ТЖД мамандары мен қалалық әкімдік қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия мүшелері шығын көлемін анықтап жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров