Қытайда жарылыстан 11 адам мерт болып, 133-і адам зардап шекті

Экспресс К

twitter.com / CGTNOfficial

Бүгін таңертең Қытайдың Шиянь қаласындағы азық-түлік базарында жойқын жарылыс болды деп хабарлайды ЭК.

Жаралыстан 11 адам опат болып, 133 адам әр-түрлі деңгейде зардап шеккен. Оның ішнде 37 адамның халі мүшкіл. Алдын-ала болжамдарға сәйкес, төтенше жағдайға газдың жарылуы себеп болуы мүмкін. Жарылыс салдарынан базардың ғимараты толық қирап, жақын маңдағы үйлердің терезелері сынған. Қазір қалада бірнеше қан құю станциясы жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер мен билік өкілдері қала тұрғындарын қан құю станцияларына келіп, қан тапсыруға шақыруда. Төтенше жағдай орнында үйінді астында қалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров