Мобильді крематорий туралы қауесет жалған болып шықты (видео)

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Тіпті кейбір тұрғындар COVID-19-ға қарсы вакцина салған соң қайтыс болған адамдар үшін арнайы дайындалған деп жазуда.

Желіде тарап жатқан "Мобильді крематорий" суреті қазақстандықтардың вакцинаға деген қаупін күшейтуде, деп хабарлайды ЭК.

Шын мәнінде, бұл қауіптілік класы I-V жататын биологиялық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған инсенизатор ИН-50.1К.

Оны "Турмалин" компаниясы шығарған. Көлік пандемия басталғанға дейін 8 жыл бұрын жасалған және оған еш қатысы жоқ. Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы "Үлкен қала экологиясы-2011" Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылды. Жұмыс барысының толық циклы көрсетілген видеоны өндірушінің ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Тағы біртайта кетер жайт, өндіруші "Турмалин" компаниясы "мобильді крематорийдің салттық мақсаттарда пайдалануға және "Жүк-200" жоюға арналмағанын" атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров