«Ғой... ғой... ғой...» - Қуат ақын желіде хит болып жатыр

Экспресс К

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде Қуат ақын атанған жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды ЭК.

Ол 31 арнадағы шоу-бағдарламаға "Әйелім баламды көрсетпейді" деп шағымданып келген. Сонда біраз "өлеңдерін" оқиды.

Солардың бірі мынау:

"Айтасың ғой жақсы әкемін деп. Отырасың ғой үш балам бар деп. Е, мықты болсаң, бауырым, мейірім төкпейсің бе соларға? Е, жігітсің ғой бұл өмірде. Тастама балдарды өзгеге. Өзге әке біреуге бала бола алмайды. Азаматсың ғой, бауырым, біл бірдей. Келесің ғой, жағамнан асыласың. Жігітпін деп отырсың ғой ана жерде. Бағана ана кісі айтып кеткендей бұтыңа юбка киіп алып. Мен саған айтарым сол. Тілерім ғой саған жаманшылық емес. Айтарымды тек қана бетіңе айтармын. Мейірім болса, тек бар ғой балаға ғана мейірім болсын".

Жүргізуші Қуаттан: "Бұл енді сен шығарып отырған өлең ғой? Әлде бұл насихат сөз бе?" — деп сұрайды.

"Насихат пен бір жағынан не ғой ауызша..." — дейді жігіт.

"Мен бірақ мына жерде ұйқас көрген жоқпын", — дейді күлкі қысып, әрең шыдап отырған жүргізуші.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров