ШҚО туризмнің рекреациялық және басқа түрлеріне рұқсат берді

Лена МҰРАТБЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Облыстың туристік-рекреациялық аймақтары күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, бетперделік тәртіпті және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істейді, деп хабарлайды ЭК.

Шығыс Қазақстанда облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулы 15 маусымнан бастап күшіне енеді.

Жаңа құжат туризмнің рекреациялық және басқа түрлеріне мүмкіндік береді. Сонымен бірге базалар мен демалыс орындары "ASHYQ" қосымшасын қолдануы керек. Мониторингтік топтар кәсіпкерлер мен демалушыларды бақылауға алады.

Интернет жоқ немесе мобильді қосымша істен шыққан жағдайда:

— Үш тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР тест анықтамасы;

— COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорты;

— DAMUMED медициналық сервисінен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының қағаз (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасын ұсынған кезде кіруге рұқсат берілген.

"Сары/қызыл" статусы бар жеке тұлғаларға туристік-рекреациялық аймақтарға келуге тыйым салынады.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров