Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу құны 28 млн доллар болды

Экспресс К

blueorigin.com

Amazon-ның негізін қалаушымен бірге ғарышқа ұшу билеті ақыры сатылып кетті, деп хабарлайды ЭК Blue Origin компаниясының ақпаратына сүйеніп.

New Shepard ғарыш кемесіндегі аукцион арқылы саудаға шығарылған орынды біреу 28 миллион долларға сатып алған. Оның кім екені айтылмайды. Ал аукционды Blue Origin ғарыш компаниясы өткізген болатын.

Енді оның жеңімпазы Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге суборбиталық ұшуға қатыса алады. Бұл шілденің ортасында болуы мүмкін.

New Shepard ғарыш туристері 100 шақырымнан аса биіктікке дейін барып қайтуы үшін жасалған. Бұл — басқарылатын капсула. Ол зымыран тасығыштың көмегімен аталған биіктікке жеткен соң бірер минут салмақсыз болып тұрады да, сосын жерге парашютпен оралады.

Жалпы ұшып қайту ұзақтығы шамамен 10 минут болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров