Үйлену тойларына рұқсат берілді

Нұрболат АДЫРБЕК

Pixabay

Грузияның құзырлы орындары елде үйлену тойларын жасауға рұқсат берді, деп хабарлайды ЭК.

"Хабар 24" телеарнасы берген ақпаратқа қарағанда, пандемияға байланысты некелесу рәсімінің шарттары көбейген.

Үйлену тойын өткізгісі келгендер мен тойға келушілерге бетперде кию мен термоскрининг міндетті болып отыр.

Бір қызығы, шақырылған қонақтар саны оннан аспауы шарт. Бірақ тұрғындар осыған да шүкіршілік етуде.

Қойылған талапты орындамаған жағдайда жеке тұлғалар үшін 600 доллар, ал заңды тұлғаларға кемінде 3 мың доллар айыппұл белгіленіп отыр.

Бұл елде некені 2 жолмен тіркеуге болады. Бірі — Әділет үйінде, екіншісі — мемлекеттік тіркеушіні мейрамханаға шақыру арқылы.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Грузияда некесін қидыратын шетелдіктер көп екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров