Премьер-министрдің әкесі қайтыс болды

Экспресс К

Ұзақпай Мамин Жапарұлы

Бүгін еліміздің Премьер-министрі Асқар Маминнің әкесі – Ұзақпай Мамин өмірден өтті, деп жазады ЭК.

Ұзақпай Мамин 1937 жылдың 1 наурызында Ақмола облысы Ерейментау ауданы Благодатное ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік техникумын азаматтық құрылыс бөлімі бойынша аяқтаған соң құрылыс саласында еңбек жолын бастайды.

Целиноград қаласына көшіп келген сәттен бастап ЖЭО, "Целиноград элеватор мельстрой" ұйымдарында жұмыс істеген, инженерден бастап бірінші басшыға дейін еңбек жолын жүріп өтті. Оның жетекшілігімен қажет элеваторлар, әлеуметтік-мәдени нысандар, ауруханалар, емханалар, тұрғын үйлер салынды. Кейін "Целиноград облагропромстрой" өнеркәсіптік бірлестігін басқарды. Ол уақытта аталған бірлестік бес министрліктің мәселелері тоғысатын Қазақстандағы ірі құрылыс ұйымдарының бірі болған.

Ұзақпай Жапарұлы кәсіби жолында өзін жұмысты ұйымдастыра білетін басшы ретінде танылды. Көптеген құрылысшы, инженер, техник мамандарды тәрбиелеп шығарды,

Еңбекте жеткен жетістіктері мен қызметі үшін "Халықтар достастығы" және "Достық" орденімен марапатталған.

Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ақсақалдар кеңесінде белсенді қызмет атқарды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров