Алматыда автобус апатқа ұшырап, бірнеше адам зардап шекті

Нұрболат АДЫРБЕК

Instagram / kris_p_kz

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғысып, 7 адам зардап шекті, - деп хабарлайды ЭК қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, сағат 8.40 шамасында Kia K5 автокөлігінің 1998 жылғы жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытқа жүріп келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста қызыл түске өтіп, 77-ші бағыттағы жолаушылар автобусымен соғысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, автобус жол жиегіндегі арыққа түсіп кеткен.

"Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы және екі көліктің жүргізушілері жарақат алды. Зардап шеккендер Алматы қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде", — деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров